Бала
Бала — әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. 20 қараша — Дүниежүзілік балалар күні
Бала — әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды. Қазақстанда 18 жасқа толған бозбала мен бойжеткен ресми түрде кәмелетке толған ересек адамдар қатарына қосылады. “Бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және тәрбиелеу — ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы” (ҚР Конституциясы 27-бап).
Қазақ халқы бірінші туған Баланы тұңғышым, одан кейінгілерін “ортаншы”, ең соңғы туған перзентін “кенже” деп атайды. Бұрынғы дәстүр бойынша әке мұрасы кенже ұлға қалған. Оның үйі қарашаңырақ деп аталады. Балалар ата-аналарын асырауға, сыйлауға,...