Қазақстан бойынша мәслихат депутаттығына 105 адам сайланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес 2017 жылғы 29 қазанда республиканың 15 өңірінде 105 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтті, деп хабарлайды ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.