«Баку-Тбилиси-Карс» бағдарындағы теміржолды салу шешім» Астанада қабылданды - Сағынтаев
БАКУ. ҚазАқпарат - «Баку-Тбилиси-Карс» бағдары Қазақстан үшін Түркияға, Оңтүстік Еуропа мен Жерорта теңізіне жол ашады. Сонымен бірге, аталған бағыт Транскаспиийлік халықаралық көліктік бағдардың жетекші инфрақұрылымдық жобасы болып табылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Баку-Тбилиси-Карс жаңа теміржолының ашылу салтанатында мәлім етті.