Жаңаөзенде кәсіпкерлердің жобаларын қаржыландыруға 1 млрд-тан астам қаржы бөлінеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында, ел экономикасына басты серпін беріп, қозғау салар саланың бірі - шағын және орта бизнестің әлеуетін арттыру мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Басты мақсат - кәсіпкерлік саласын ел экономикасының басты қозғаушы күшіне айналдыру. Осы орайда Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында орта және шағын бизнесті қолдауға әрі дамыту үшін «Бизнес капитал» жобасының тұсауы кесіліп, үшжақты меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі.