Бокстан өтетін Қазақстан біріншілігін қай арнадан көруге болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 5-12 қараша аралығында Шымкент қаласында бокстан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді. Бұл біріншілікте еліміздің барлық облысы мен Алматы, Астана қалаларының ең үздік былғары қолғап шеберлері бақтарын сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.