4 қарашаға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым аумағында жауын жауады. Елдің тек оңтүстік және оңтүстік-батысында сенбі жауын-шашынсыз өтеді. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.