Оңтүстіктен 400 мың тонна бақша өнімдері бес елге экспортталды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары осы жылдың тоғыз айында Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Латвия, Литва, Эстония және Германияға 225 мың тоннадан астам қауын, 148 мың тонна қарбыз, 14 мың тоннаға жуық жүзім, 43 мың тонна шамасында қырыққабат экспорттаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.