ОҚО-да зағиптар арасында байқау өткізілді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында зағиптар арасында «Өнерім - көңіл шуағым» байқауы ұйымдастырылды. Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының ұжымы бастамасымен ұйымдастырылған өнер сайысына 14 қала-ауданнан келген жарымжан жандар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.