Қазақстанға ұшқышсыз ұшатын аппараттар технологиясын беруге дайынбыз - Лукашенко
МИНСК. ҚазАқпарат - Беларусь Қазақстанға ұшқышсыз ұшатын аппараттар жасау технологияларын беруге дайын. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Беларусь Президенті Александр Лукашенко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Минскіден.