Синоптиктердің 30 қарашаға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 қарашада республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек солтүстігінде, солтүстік-батыста, орталықта және оңтүстікте кей жерлерінде жауын-шашын жауады, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, деп хабарлайды Қазгижромет.