Әскери қызметшілер 6 облыста су тасқыны салдарын жоюға көмектесіп жүр
АСТАНА. KAZINFORM – Өткен тәулікте су тасқынына қарсы іс-шараларға 2 262 әскери қызметші, 137 автокөлік пен 5 авиация ұшағы жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин айтып берді.