Грузияда шетелдік агенттер туралы заңға қарсы шерулер кезінде 20-ға жуық адам ұсталды
АСТАНА. KAZINFORM – Сейсенбі күні Тбилисиде парламент ғимаратының алдында шетелдік агенттер туралы заңға қарсы шерулер өтті. Митинг полициямен қақтығысқа ұласып, соның барысында полицияның бір қызметкері жарақат алды. Наразылық білдірген 20-ға жуық адам ұсталды, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.