Мәулен Әшімбаев: Қазақстан Оксфорд ислам зерттеулері орталығымен байланысты нығайтуға мүдделі
АСТАНА. KAZINFORM – Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Оксфорд ислам зерттеулері орталығының директоры Фархан Ахмад Низамимен кездесті. Іс-шара барысында ғылыми-зерттеу және рухани дипломатия саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Бұл туралы ҚР Парламентінің Сенаты баспасөз қызметі мәлім етті.