Сенаторлар орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесін талқылады
АСТАНА. KAZINFORM – Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық және өңірлік филиалдарының, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесті. Кездесуге қатысушылар орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын көтеру және үстемеақы төлеу мәселелерін талқылады.