Ұлытау облысында тарихи ескерткіштер аумағы тазартылды
ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM - «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Ұлытау облысында тарихи орындар мен мәдени ескерткіштер аумағы тазартылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы хабарлады.