Астанада шұжық өнімдерін шығаратын цех ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ет өңдеу кәсіпорындарының бірі «Апрель» ЖШС-нің ет өнімдерін және жартылай фабрикаттар шығаратын тағы да бір цехы ашылды. Өндірістік цех өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында іске қосылды.