Астанада иесіз 192 көлік анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері аудандық әкімдіктердің өкілдерімен бірлесіп көліктер, жаяу жүргіншілер және қар тазалау техникасының қозғалысына кедергі жасайтын иесіз қалған көліктерді анықтау бойынша рейдтерді тұрақты түрде жүргізеді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.