«Астана» ФК ойындарға билет сатудың инновациялық жүйесін енгізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» футбол клубы «Астана» Президенттік клубымен бірлесіп, клубтың ойындарына билет сатудың қолайлы жүйесін әзірледі. Енді жанкүйерлер билеттерді тәуілігіне 24 сағат, әлемнің кез келген нүктесінен ғаламтор, мобильдік қосымша және бүкіл республика бойынша орнатылған терминалдар арқылы ала алады. Бұл туралы «Астана» футбол клубы баспасөз қызметінен хабарланды.