Астанада шоколадтан жасалған бұйымдар көрмесі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 наурызда әлемдік тур аясында елордада «Nikolya» шоколад музейі» танымал авторлық көрмесінің ашылуы өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары шоколад тарихымен және танымал шебер-шоколатье Николай Поповтың шоколадтан жасалған заттарымен танысып, өз қолдарымен шоколадтан түрлі бірегей заттар жасау мүмкіндігіне ие болады.