Жамбыл облысында 1069 спорт нысаны тұрғындарға қызмет көрсетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында 1069 спорт нысаны тұрғындарға қызмет көрсетеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков айтты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.