«Нұр Отан» партиясы «Алматы зообағына әлеуметтік көмек» қоры қызметінің жеткілікті дәрежеде ашық еместігін мәлімдеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «Нұр Отан» партиясы «Алматы зообағына әлеуметтік көмек» қоры қызметінің жеткілікті дәрежеде ашық еместігін мәлімдеді. Бұл туралы бүгін Алматы зообағының қызметін тексеру бойынша Жұмыс тобының отырысы барысында осы топтың мүшесі, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, партияның қалалық филиалы төрағасының орынбасары Станислав Канкуров мәлім етті.