Нұрсұлтан Назарбаев Кветтадағы терактіге байланысты Пәкістан Президентіне көңіл айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Мамнун Хусейнге Кветта қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.