АУА РАЙЫ: 15 тамызда еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы болады, тек батыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал. Республиканың солтүстігінің кей жерлерде тұман болады, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.