Оралда «Болашақ» халықаралық бағдарламасына енгізілген өзгерістер таныстырылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Өңірге жұмыс сапарымен келген «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде болып, «Болашақ» бағдарламасына енгізілген өзгерістермен таныстырды.