Атыраудағы ЖОО мектептерге робот техникаларын сыйға тартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау қаласындағы ең үздік 10 мектепте робот техникалары зертханасы ашылды. Барлық керек-жарақпен толық жабдықталған зертханаларды орта білім ордаларына Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті тарту етіп отыр, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.