Түймебаев Шымкенттегі жарнама билбордтарын тиісті қалыпқа келтіруді тапсырды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін қала активімен танысқан өңір басшысы Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі құрылысы жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарды аралап көрді. Ең алдымен, облыс әкімі Тəуке хан даңғылының күрделі жөндеу жұмыстары мен Қапал батыр көшесіндегі көпірдің құрылысымен танысты.