Қазақстан мен Сауд Арабиясының министрлері екі жақты ынтымақтастық перспективаларын талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Сауд Арабиясы Қоршаған орта, су және ауыл шаруашылығы министрі Әбделрахман әл Фадимен кездесті.