Жамбыл облысында 9 нысанда сейсмокүшейту жұмыстары жүргізілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында 8 білім беру және бір денсаулық сақтау мен мәдени нысанында сейсмокүшейту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы Омар Бекболатұлы Такеев мәлімдеді.