Астанада Алматы күндері өтіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Қуатты өңір - қуатты Қазақстан» республикалық акциясының шеңберінде Алматы қаласының күндері өтіп жатыр. Меймандар Астанадағы төрт балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 1000 кг аса нағыз алматылық апорт пен 3000 дана қазақстандық шоколад алып келді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.