Астанада қаладағы өмірді жақсарту идеяларын таныстыру алаңы ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада алғаш рет қаланың белсенді тұрғындарының идеяларын таныстыру алаңы ашылды. ASTANA IDEAS жобасын «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығы елорда әкімдігінің қолдауымен қаланың мәселелеріне бейқам қарай алмайтын жастарға және оның дамуына өз үлесін қосуға ниетті адамдарға арнап әзірлеген, деп хабарлайды astana.kz.