Елбасының Жапониядағы қазақстандық студенттермен кездесуі жайлы архивтік видео жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың жапондық жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттермен кездесуі жайлы архивтік видеоны жариялады. Бейнежазба 2008 жылы түсірілген.