Мемлекет басшысы еліміздің білім секторындағы басты мақсатын айтты
СЕУЛ. ҚазАқпарат - Қазақстанның басты мақсаты - білім беру секторының экспорттық әлеуетін өсіру. Бұл туралы Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында бүгін Сеулдегі Енсей университетінде болған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Сеулден.