Қазақстандағы Жапония елшісі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысына Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабата жұмыс сапарымен келді. Ол облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесіп, аймақтағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады,-деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.