Төлежан Барлыбаев Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі қызметіне тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.