Қарағанды облысында жол бойына 8 тонна күкірт қышқылы төгілді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының «Алматы-Екатеринбург» автожолында жүк көлігі аударылды. Жол апаты салдарынан трасса бойына 8 тонна күкірт қышқылы төгілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.