Сапарбаев автобус өртінен аман қалғандардың жағдайымен танысты
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев автобустағы өрт кезінде аман қалған 5 адаммен кездесті. Өңір басшысы ауруханаға барып, олардың хал-жағдайын білді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.