Ақан сері
Ақын Ақанның туған жылы 1843 жыл, өлген жылы 1913 жыл. Туып-өскен жері — Көкшетау. Ақан сол Көкшетауды мекен қылған Орта жүз арғын, қарауыл Қорамса деген кісінің ұлы. Қорамса бай болған, саудагер болған адам. Ал Ақан билер (феодал) табының мұңын, зарын зар қылған ақын.
Ақан 13 жасқа келгенше Бұхарадан оқып келген Көнтеу деген молдадан оқыған. Он үш жасқа келгенде Ақан молдасының оқыту тәртібіне көнбей, молдасымен ұрсысып, оқуды тастап кетеді. Содан кейін Ақан сауыққа, «жігіттікке» беріліп «сері» атанады. Сұлу киім, жүйрік сәйгүлік ат, құмай тазы, қыран бүркіт Ақанда болады. Қалың Атығай-Қарауылдың ойын-тойының көркі Ақан саналады. Ақан қасына ылғи әнші, домбырашы, ойыншы, палуан...