Тұрсынбек Қабатов өз дауысын Оралда берді
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, елімізге белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов биылғы президент сайлауында өз дауысын туған жеріне барып берді.
"Бұл менің өмірімдегі тарихи сәт десем де болады, өйткені жиырма екі жылдан кейін туған жерімде дауыс беріп тұрмын. Бұрын ауылда бергенмін. Кейін Астанаға кетіп қалдым. Араға осыншама жыл салып саяси таңдауымды туған жерімде жасағаныма қуаныштымын.
Қазақ елінің тарихындағы жаңа кезеңнің басталуына өз үлесіңді қосу - өскелең ұрпақ алдындағы абыройымызды асқақтатып, рухымызды оятары сөзсіз" – деді әзілкеш.
Осылайша, еңбек қайраткері, ел тағдырындағы шешуші сәтте, өзінің туған жерге деген сүйіспеншілігі мен туған елінің болашағына деген ерекше сезімін білдірді.
21-22 қараша күндері ол жерестеріне қуанышты көңіл - күй сыйлап, концерт өткізуді жоспарлаған. Сонымен қатар, Орал қаласының сайлау участкелерінде ең жолы болғыш сайлаушыларға Тұрсынбек Қабатовтың концертіне тегін билеттер табыс етілді.
Бұл сайлауға келуші оралдықтар арасында ұлкен қызығушылық тудырды. Олар тегін билеттерге ие болып, бір қуанып қалды.
Айта кетейік Тұрсынбек Қабатов Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Ақпәтер ауылының тумасы.