Саяси науқан
2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Ел тарихындағы саяси науқанға дайындық жұмысы қарқынды түрде атқарылып, Президенттікке үміткерлер ұсынылды.
Жалпы өткенге көз салсақ, елімізде 6 рет жалпыхалықтық президент сайлауы өткен. 2005 жылы ғана кезекті Президент сайлауы өтсе, 1991, 1999, 2011, 2015 және 2019 жылдары Қазақстан Республикасының кезектен тыс сайлауында ел Президентін сайлаған болатын. 1991 жылдан бастап ел тізгінін қолына алған Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы - 98,7%, 1999 жылы - 80%, 2005 жылы - 91%, 2011 жылы - 95,5% дауыс жинаған. Ал, 2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігін тоқтататыны жөнінде хабарлап, 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтіп, Елбасынан...