Алматы жолдарын күтіп ұстауға биыл 13 млрд теңге бөлінген
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көше жолдарын күтіп ұстаумен 10 мердігер ұйым айналысады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Дулат Ешкенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.