Ұйқы туралы
Ұйқы бірнеше кезеңнен тұрады:
1. 5-10 минут
Сана ұйқылы-ояу, қиял, армандар елес береді, кейбір шешімін таппай жүрген мәселенің керемет шешімі ойға келуі мүмкін, шым-шытырық ойлар қамалайды. Бұлшықеттердің белсенділігі азаяды, пульс баяулайды, дене температурасы төмендейді, көз ақырын қимылдап жатуы мүмкін, кейде бұлшықеттерде қысқа діріл болады.
2. Жылдам ұйқы (10-15 минут)
Бұл кезде мидың электрлік белсенділігі ояу кездегімен бірдей. Көз алмасы жылдам қимылдайды. Бірақ бұлшықет белсенділігі өте төмен, адам мүлдем қимылсыз болады. «Жылдам ұйқыда» жатқан адамды оятып жіберсе, психикасына зиян келеді. Жылдам ұйқы психологиялық қорғау, ақпаратты өңдеу, ақпараттың санмен бейсана арасындағы алмасуын қамтамасыз ету қызметтерін атқарады деген болжам бар. Бұл кезде оянып...