Ұлы Түрік Қағанаты
Әмір Темір 34 жасында Бәлх билеушісі болды. Шыңғыс ханның ұрпағынан болған бір қызға үйленгені үшін Гурган (ханның күйеу баласы) атағымен танылды. Отбасылық абыройын арттырды. Жұрттың өзін Шыңғыс ханның ізбасары деп танығаны үшін, бүкіл Түркістанға (Орта Азияға) билеуші болып Ұлы Түрік Хандығының тағына отырды. Сонымен қатар Шыңғыс ханның орынсыз жойып талқандаған қалаларын қалпына келтірді. Басында қолдау көрсеткен Алтын Орда ханы Тоқтамыс оған қиянат еткен кезде барып мемлекетін құлатты, бұл тарихшылардың айтуынша Әмір Темірдің ең үлкен қателігі болды. Осының арқасында Орыстар бұл жерлерге жайылып үлкен мемлекет құра алды.
Әмір Темір кейін Анадолыға барды. Алдынан қаша жөнелген екі басқарушы Йылдырым Сұлтан Баязидті паналап,...