Ақылың болса,арыңды сақта!
Арлылық-адам бойындағы ең асыл қасиеттің бірі.Арлы кісі ұят,иба,намыс,қанағат,әдеп,шүкіршілік секілді бірқатар игі қасиеттерді бойына жинақтай білген мол парасат егесі.Қазақ халқы-талайлы тағдырында сан түрлі қиындықтарды бастан кешсе де арына дақ түсірмеген текті халық.Артық күлкі.артық ұйқы,артық тамаұтың өзін арсыздыққа балаған ата бабаларымыз ар тазалығына өткір сынмен қараған.Ел ішіне кең тараған Мал сақтама ар сақта,Ердің құны бір ділдә,абыройы мың ділдә,Ар иманның жолдасы,Малым-жанымның садағасы,жаным-арымның садағасв деген нақыл сөздер соның белгісі
Арлылық ең ізгі қасиет десек, арсыздық адамға ешқашанда жаксылық, опа әкелмейді. Арсыз адамның екі дүниесі де каранғы. Ел де арсыз адамнан қашады. Өзінің қара сөзінде «Жарлы болсаң, арлы болма» деген мақалдың дұрыс еместігін сынаған Абай атамыз да «Ардан кеткен соң, тірі...