Журналистиканың ұқықтық негіздері
Елімізде БАҚ қызметкерлерінің құқықтарын қорғау негіздерінде заңдар күшейтілгенімен журналистерге келіп түсер қысым азаяр емес. Сөзіме дәлел соңғы бір апта ішінде "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғаудың халықаралық қоры Қазақстандағы ақпаратты тарату, алу және сөз еркіндігі бұзылған жағдайды бейнелейтін оқиғаларға шолу жасайды.Соның ішінде Бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистердің кәсіби қызметін жүзеге асыруға, қыркүйек айында ақпарат алуға және таратуға байланысты тіркелген оқиғалардың жалпы саны 39 жағдайды құрады.Небәрі бір аптаның ішінде мониторинг нәтижесі осы.Көп жағдайда журналист құқықтары тапталып жатады.
Олай болса журналист құқығының тапталуына бір мысал келтірейік.
26 шілдеде Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге келген жұрттың арасында белсенді Аружан Дүйсебаева әкімнің отставкаға кетуін талап еткен петиция туралы сұрақ қойды. Досаев сол кезде "әкім ретінде сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды шығар. Бірақ жұмысым туралы шешімді мені бұл қызметке тағайындаған мемлекет басшысы шығарады" деп жауап берген. Әкімнің отставкаға кетуін талап ететіндер Досаев келгелі қалада заңсыз құрылыс көбейгенін, жөндеуді қажет етпейтін жолдар қайта күреліп жатқанын айтты.
13 шілдеде әкімге сұрақ қоюға талпынған Азаттық тілшісі де кедергіге тап болған. Алматыда Александр Невский ескерткішін ашуға келген Ерболат Досаевқа Азаттық...