Жастар діннің тірегі
қазіргі таңда елімізде халықтың әсіресе, жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, діни сауаттылығын арттыру маңыздылығы көпшіліктің назарында жүр. Қоғамның діни өмірінің тенденцияларын, діни ахуалды ескере отырып, оны жастарға жеткізіп отыру қажет.
Досқұл Дастан Ермекұлы
Халықаралық инжинерлік-технологиялық
Университиеті 1 курс студенті
Алматы қаласы-2023ж
Мақала Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан байқауға дайындалды
Дін-рухани мәдениет феномені. Жалпы дін адамзат тарихында жаңа дүниетаным, сенім, моральдық құндылықтардың шығу тегі болып саналады. Діннің дүниетанымдық, мәдени-өркениеттік және гуманистік мәні ерекше.
Жастар-діннің тірегі
Ата-бабаларымыз сан жылдардан бері аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгелі руханиятымыздың тамыр-тамырына қан жүгіріп, елімізде Ислам дінінің қарқынды дамып келе жатқаны баршамызға белгілі. Бұған республика көлемінде жүріп жатқан оң өзгерістер дәлел. Айталық, діни баспалардың ашылуы, бірқатар діни газет-журнал, интернет сайттары, БАҚ-та рухани тақырыптарға мақалалардың көбеюі, телеарналар мен радиода діни...