“Күтуім керек пе?“ Махачев Рахмоновпен титулдық жекпе-жек туралы айтты
Махачев қазақстандықпен жекпе-жекке шығуға дайын екенін атап өтті.
"Рахмонов соңғы рет сұхбат бергенде тізесінде үлкен таңғыш болды. Жарақат алып тұрып, төбелескім келеді дейді. Оны көріп, сәтті пайдалана отырып айтарым: ол маған оны таңдауым керек еді дейді. Оны таңдап, бір жарым жыл күтуім керек пе? Сауығып алсын, сонда ол басты үміткерлердің бірі болады. Мен ешқашан онымен жұдырықтаспаймын деп айтқан емеспін. Жазылып, ортаға шықсын", - деді Махачев.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
UFC Eurasia (@ufceurasia) жарияланымы
Еске салайық, бұған дейін Шавкат Рахмонов өзін жартылай орта салмақтағы белбеуге ең лайықты үміткермін деп санайтынын, ал Ислам Махачев титулды жеңіп алғаннан кейін "түсініксіз әрекеттер жасап", өзге қарсыластарды таңдағанын айтқан болатын.
"Ислам чемпион болғанда: Камару Усманмен жұдырықтасқым келеді деп, солай бір түсініксіз дүниелер жасады. Маған бұл ұнамады. Әрине, мен Исламды адам ретінде сыйлаймын, бірақ онымен жекпе-жекке шығуға ең лайықты адам мен едім. Мүмкін, мен бір жыл бойы төбелеспеген шығармын, бірақ UFC-де қатарынан жеті жеңіске жеттім", - деп бөлісті Рахмонов.
Шавкат Рахмонов қашан октагонға оралады?
Бұған дейін бапкер Эдуард Базров Рахмоновтың қашан сауығып, октагонға оралатыны туралы сұраққа, егер бәрі жоспар бойынша болса, "Номад" 2027 жылдың көктеміне қарай жекпе-жекке дайын болатынын айтқан.
"Шавкаттың оралуына келетін болсақ – бұл ақпан немесе наурыздың басы, шамамен осы уақыттар. Егер бәрі жақсы болса, егер бәрі біздің жоспарымыз бойынша болса, онда ол сол уақытта оралуы мүмкін", - деді бапкер.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Shavkat Rakhmonov (@shavkatrakhmonov94) жарияланымы
Шавкат Рахмонов екі жылға жуық уақыт бойы жекпе-жекке шыққан жоқ
Еске салайық, жеңілмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов 2024 жылдың 8 желтоқсанында өткен UFC 310 турнирінен бері жекпе-жекке шықпады. Ол кезде Шавкат төрешілердің бірізді шешімімен ирландиялық Иэн Гэрриді жеңген болатын.
Бастапқыда бұл жекпе-жек Шавкат үшін чемпиондық айқас болуы тиіс еді, бірақ сол кездегі белбеу иегері Белал Мухаммад жарақатына байланысты кездесуден бас тартты. Кейінірек Рахмоновтың өзі де жарақат алғанын мәлімдеп, чемпиондық атаққа таласа алмады.
Қазақстандық спортшы біраз уақыт бойы өнер көрсетпегендіктен, оны UFC рейтингінен шығарып тастады.
Ал Ислам Махачевке келетін болсақ, ол бұған дейін UFC 330 турнирінде ирландиялық Иэн Гэрриге қарсы титулдық кездесу өткізді. Бес раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Махачевке берді.
???? ИСЛАМ МАХАЧЕВ ИЭН ГЭРРИДІ ТӨРЕШІЛЕРДІҢ БІРАУЫЗДАН ШЕШІМІМЕН ЖЕҢДІ (49-46 x2, 48-47) ЖӘНЕ ТИТУЛЫН САҚТАП ҚАЛДЫ!!! #UFC330pic.twitter.com/Jej6GOp7F2
— Championship Rounds (@ChampRDS)August 16, 2026
Шавкат Рахмонов “Махачевтің тізіміне“ енді