“Барыс” шабуылшысы ҚХЛ бомбардирлері бәйгесінің көшбасшылары қатарында: ол туралы не белгілі?
ҚХЛ-дың жаңа маусымы басталғалы "Барыс" екі ойында 15 шайба соғып, екеуінде де сенімді жеңіске жетті. Голдардың тең жартысына жуығына АҚШ-тан келген 31 жастағы шабуылшы үлес қосты: оның еншісінде 3 шайба және 3 нәтижелі пас бар.
Бұл көрсеткіш бойынша лигада одан бір адам ғана алда тұр - СКА сапындағы Николай Голдобиннің еншісінде 7 ұпай бар.
Бұл ретте Петербор командасының форварды бір матч артық өткізген.
Скриншот: khl.ru
ҰХЛ-да гол соғып, құрамаға шақырылған: "Барыстағы" жаңа америкалық туралы не белгілі?
Джастин Бэйлидің сұрмергендік қабілеті АҚШ-та баяғыдан мәлім. 2012 жылдан бері ол Американың OHL, AHL, NHL сиқты түрлі лигасында ойнап келеді, ал 2012-2013 жылғы маусымда АҚШ-тың жасөспірімдер құрамасына (18 жасқа дейін) шақырту алған.
Оның мансабының өрлеу кезеңі 2023/2024 жылғы маусымға тұспа-тұс келді - ол кезде ҰХЛ-да "Сан-Хосе" сапында 59 матч өткізіп, 14 ұпай жинады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Justin Bailey-дің (@justin_bailey) жарияланымы
Американың басты лигасында дебют жасаған кезден бергі 10 жыл ішінде ол 141 матч өткізіп, 10 шайба соқты және тағы 13 шайбаға атсалысты.
АҚШ-тағы кейінгі маусымын ол AHL-де "Сан-Диего Галлз" ("Анахаймның" фарм-клубы) сапында өткізді. Онда Бэйли тұрақты чемпионаттағы 71 матчте 25 шайба соғып, 42 ұпай жинап, команданың үздік мергені атанды.
"Атмосфера керемет": Бэйли Қазақстандағы бейімделуі туралы
Бэйли бұған дейін Америкадан тыс жерде ешқашан ойнамағанына қарамастан, қазақстандық командаға жақсы бейімделді. Джастиннің айтуынша, оны көшеде тани бастаған.
- Қалада жаңа ойыншыларды қалай қарсы алды? Көшеде жанкүйерлерді жолықтыратын шығарсыз? Бұл сізге ұнай ма?
- Иә, бұл ғажап болды. Мен Нью-Йорк штатының Буффало қаласынанмын, Қазақстан туралы естігенде не күтеріңді білмейсің. Бірақ алғашқы күннен-ақ үйреніп кету өте оңай болды. Мұндағы адамдар өте мейірімді. Үнемі суретке түсуді сұрайды деген сияқты. Мұнда өткізген бір айым маған ұнады, - деді ол ҚХЛ-да "Барыс" сапындағы алғашқы матчінен кейін журналистерге берген сұхбатында.
Бэйли мінбелердегі атмосфераны да ерекше атап өтті.
- Матчтің басынан бастап жанкүйерлер бізді қолдады. Атмосфера керемет болды, - деді ол.
Еске сала кетейік, ҚХЛ-дың жаңа маусымындағы алғашқы матчтінде "Барыс" алдымен "Сібірді" 7:1 есебімен тас-талқан етсе, кейін "Салават Юлаевты" 8:6 есебімен жеңді. Бірінші ойында Бэйли екі гол соқса, екіншісінде бір мәрте мергендігімен көзге түсті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
КХЛ-дың (@khl) жарияланымы
"Барыс" келесі ойынын да өз айдынында өткізеді - команда 12 қыркүйекте Хабаровскінің "Амурымен" кездеседі.
“Барыс“ тағы бір аңызын ұлықтады: Старченконың нөмірі арена төбесіне ілінді