Лукашенкоға қарсы наразылық шарасына 100 мың адам жиналды, 200-ден астамы ұсталды
Минск және Беларусьтің өзге ірі қалаларында жексенбі күні кезекті наразылық акциялары өтті. Минскіде "Әділет маршына" журналистердің есебінше, 100 мыңнан астам адам қатысқан. Қала орталығына әскерилер мен әскери техника әкелінген. Жексенбі күні кешке қарай құқық қорғаушылар 200-ден астам адамның (басым бөлігі – Минскіде) ұсталғанын хабарлады. Өткен жексенбідегідей наразылар "Минск – батыр қала" ("Минск – город-герой") мемориалы маңына жиналып, сол жерден шеруді бастаған. Арнайы жасақ кейбір көшелерді, Тәуелсіздік даңғылын да жапқан. Читать дальше...