Коронавирус: Украина ресейлік вакцинаны тіркеуден бас тартуын түсіндірді
КИЕВ. УкрИнформ - ҚазАқпарат –Украина сынақтың үшінші кезеңінен өткен коронавирусқа қарсы вакциналарды ғана пайдаланатын болады. Сондықтан ресейлік вакцинаны тіркеуден өткізу мүмкін емес. Бұл туралы Украинаның бас санитарлық дәрігері Виктор Ляшко Facebook-те жазды, деп хабарлайды УкрИнформ агенттігі.