Қазақ музыкасының жаңа жұлдызы-Мирас Ерболов
Мирас Ерболов-«X-Factor» ұлттық музыкалық жобасының 9-шы маусымының жеңімпазы, Прага қаласында өткен «Diamonds voice» дәстүрлі халықаралық байқауының жүлдегері. Мирас Ерболов жарқ етіп сахнаға шыққаннан бастап өнерімен тәнті етіп, халық жүрегінен ерекше орын алды. Біздің бүгінгі әңгімеміз «Х Фактор» жобасы мен Мирас Ерболовтың жеке шығармашылығына арналады.
-Шақыртуымды қабыл алып, уақытыңызды арнап,сұхбат беруге келіскеніңіз үшін рақмет!
-Шақыртуыңызға рақмет! Мен сұхбат үшін үнемі ашықпын.
-Өзіңіз туралы қысқаша айтып бере аласыз ба?
-Есімім Мирас, Шығыс Қазақстан облысы ,Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылынының тумасы боламын.Жоғары білімім бар ,мамандығым-дене шынықтыру және спорт.
-Сіздің өмірлік ұстанымыңыз қандай?
-Менің белгілі бір өмірлік ұстанымым жоқ,дегенмен, барлығын адамгершілік тұрғысынан ,жақсы жағынан жасауға тырысамын.Ешқашан...